$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Ақтөбеде түлектері 95 пайыз жұмыспен қамтылатын арнайы оқу орны бар

24.01.2025ж. 20:00
410
Ақтөбеде түлектері 95 пайыз жұмыспен қамтылатын арнайы оқу орны бар

Елімізде құрылыс және өнеркәсіп саласында 40 мыңға жуық маман жетіспейді. Сондықтан қазір жастарды техникалық кәсіпке баулу басты назарға алынған. Бүгінде Ақтөбе политехникалық колледжі оннан астам жұмысшы мамандықтарын даярлап, оларды еңбек нарығына жолдауда. 

Аида Болатбекова 19 жаста. Ол 9 сыныпты бітіре сала, Ақтөбе политехникалық колледжіне түскен. Студент осы күнге дейін тасқалаушыдан бастап, әрлеуші, сылақшы кәсіптерінің қыр-сырын меңгерген. Қазір жобалау бойынша білім алып жатыр.

АИДА БОЛАТБЕКОВА, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

Қазіргі уақытта менде кең бейімді құрылыс шебері біліктілігі бар және автокад сертификаты бар. Осы үшінші курсты аяқтағаннан соң мен әрлеу жұмыстарының шеберін аламын. Болашақта осы проектировщик болып осы мамандықпен жұмыс істейтін жоспарым бар.

Бүгінде оқу орнында екі жарым мыңнан аса студент білім алуда. Колледжде электрик, автокөлік жөндеу шебері, мұнай саласының мамандарымен қатар құрылысшылар да даярланады. Қазір онда 75 студент білім алып жатыр.

ДӘУРЕН САПАРОВ, АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Көбінде қазір қате пікір бар. Құрылыс саласындағы жұмыстарды мейлі ол тасқалау болсын, сылақ жұмысы болсын самоучка болып үйреніп алуға болады деген. Дегенмен теорияны игеріп, сол саланың арнайы маманы болып сондай құжаты бар мамандар қазіргі заманда тапшы. Олар еңбек нарығында барғаннан кейін олардың әрі қарай өсуіне де жеңіл, колледж бітірген соң олар уже осы уақытқа дейін игерген білімдерінің арқасында құрылыстың қыр-сырын біліп отырады.

Оқытушылардың айтуынша, мұнда теориялық білімнен гөрі өндірістік оқытуға көп көңіл бөлінеді.

ЖЕҢІСКҮЛ МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, АҚТӨБЕ ЖОҒАРҒЫ ПОЛИТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі таңда сол 32 пайызы ғана теория 58 пайызы немесе оданда жоғары сағат уақыттың дені осы жастардың арнаулы кәсіптік білім алуда өндірістік мамандануына көбірек көңіл бөленді. Осы уақытқа дейін 100-ден астам мекемемен келісім шарт бар. 3,4 курстан кейін жастар өз мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмысқа орналасады. Олар білім алумен қатар өз ептілігін, шеберлігі мен кәсібилігін көрсеткен жастарды мекеме міндетті түрде жұмысқа алып қалады.

Алпыс жылдық тарихы бар білім ордасының шәкірттері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бүгінде түлектер 100 пайыз жұмыспен қамтылған.