Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Сол далада жүрген бала ата-анаға ақыл айтатын бопты. Тіпті, соңғы уақытта мұндай жағдайды жиі көреміз. Қоғам белсенділері "бұл -тәрбиеден кеткен қателік" дейді. Енді не істеу керек? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Алло, анашым, қалайсыздар?
Иә, жақсы бәрі. Ойййй, неге айта бересіз. Өзімде де бас бар ғой, білем бәрін. Қит етсе болды АҚЫЛ айта бересіз. Қойыңызшы...
Қазір қоғамда осындай "өзі білгіштер" көп. Басқа-басқа, ата-анаға ә десе мә деу балаға жараспайтын қылық екені белгілі. Бірақ, оны қалай түзеу керек?
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Ата-ана көңілін бөлу керек енді балаға. Жақсы тәрбие беру керек. Солай ғана түзей аламыз.
- Ондай балдар бар. Қойыңызшы, айта бересіз, сіздікі дұрыс емес сондай сөздерді айтады. Бірақ ата-ана бәрібір түсіндіру керек балаға.
- Бұл енді сондай заман боп тұр. Ата-анасы баласына ақыл айту керек ғой.
Жұрттың бәрі ақыл айтуға шебер. "Бұл -тәрбие беруде кеткен қателік" дейді - қоғам белсенділері. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің".
БАҒИЛА БАЛТАБАЕВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Баланың тәрбиесі сол ананың қаншалықты тәрбиесі қисық және болмаса түзу соған байланысты. Дұрыс нәрсенің бәрі ол бала үшін жанағы примерь үлгі болатын тек әкесі мен анасы ғана.
Ал, психологтар баланың ата-анаға ақыл айтқаны дұрыс дейді. Айтуынша, альфа ұрпақтарымен бетпе-бет сөйлесіп, тығыз байланыста болған жөн. Әйтпесе, баланың психикалық дамуына кері әсер етеді дейді.
ЛИМАНА ҚҰТТЫБЕКҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:
Қазіргі балалар өздерімен санасқанын қалайды. Олардың пікірін қалайды. Сондықтан да ата-анасына ақыл айтып жатса тыңдау керек деп ойлаймын. Менің айтқаным дұрыс. Тек менің айтқаным ғана болады деп айтатын болса онда ол баланы жоғалтып алу мүмкін.
Ақыл жастан. Баланың да ойың біліп, пікірін тыңдаған дұрыс шығар. Алайда, "мен білемін" деп дандайсып, салғыласудың қажеті жоқ. Ата-ананы құрметтеп, үлкенді сыйлау -парыз.