$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары жарыққа жарымай отыр

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары жарыққа жарымай отыр

«Өркениеттен қалыс қалдық!». Түркістан облысы Келес ауданындағы елдімекен тұрғындары осылай деп биліктегілерге өкпелі. Қаратөбе ауылымен жалғаса жайғасқан жаңа құрылыстықтар үп еткен жел тұрса, жарықсыз қалатын көрінеді. Ауыз су, жол мен жарықтың жырын жырлай шаршағанын айтады. 

Амангүл Мамырова мұнда жиырма жылдан бері тұрады. "Бағана орнатуды ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді" дейді. Трансформатор да тозған. Жарықтың нашарлығы жұртты әбден әбігерге салды. Соның кесірінен тұрмыстық техникалары жиі бұзылады.

АМАНГҮЛ МАМЫРОВА, ҚАРАТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Столбаға ақша жоқ, светтің ақшасын төлейміз бірақ. Құдықпен су шығарамыз. Қойға да су жетпейді, басқа да қылмайды светтің нашарлығынан.

БАҚТАЙ СЛАМОВ, ҚАРАТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына ел әйтеуір 60-тық трансформатормен отырады. Кешке өшеді олар. Өшсе мына трансформаторға ақша жинаймыз қырықпышақ болып. Біреуі береді, біреуі бермейді оны. «Керек болса басшыларға айт» дейді, басшылар келмейді ол..

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Елдімекендегі бағаналардың сиқы осы. Электр желілері мынадай жіп-жіңішке, құлауға шақ тұрған бөренелерге әзер ілініп тұр. Мұндағы өркениеттің жалғыз белгісі - мына жол ғана. Оның өзі өткен тамызда ғана төселіпті.

ҮСЕН ЧӨЛБАЕВ, ҚАРАТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үлкен жолда пешеход жоқ. Екі күн сайын мал соғады үлкен жолда. Бала-шағамызды қорқамыз былай айтқанда мына жолмен жіберуге. Ақырында қырмен жібереміз, батпаққа батып мектепке барады.

Жауаптылардың айтуынша, бұл аумақ 2022 жылдан бастап қана Қаратөбе елдімекенінің құрамына енген.

АЛМАС АБДУЛЛАЕВ, КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол 2022 жылға дейін Бірлік ауылдық округінің ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерінде орналасқан болуына байланысты бізде мұндай ешқандай елдімекеннің ішінде болмауына байланысты инфрақұрылым жүйелері тартылмаған.

Жоба аяқталғанға дейін жарықтың жыры шешіледі. Демеушілер есебінен уақытша бағаналар қойылмақ. Газдандыру мен су мәселесі де реттеледі дейді. Содан соң ғана асфальт төсеу жұмыстары басталады.