$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Биылдан бастап ұзақ өмір сүретін адамдар дүниеге келеді

24.01.2025ж. 20:00
392
Биылдан бастап ұзақ өмір сүретін адамдар дүниеге келеді

Биылдан бастап туған сәбилер ұзақ ғұмыр кешеді. Бұл -демографтардың пайымы. Айтуларынша, ендігі "бета" ұрпақ бір ғасырдың жүзін көреді. Алайда, туу көрсеткіші төмендеуі мүмкін. Тек цифрлық құрылғылар жастардың тұрмыс-тіршілігінің айырылмас бөлшегі болады дейді. 

АЯУЛЫМ САҒЫНБАЕВА, ДЕМОГРАФ:

Бұл ұрпақ алдындағы алфа ұрпаққа қарағанда экологиялық мәселелерге, гендрлік тең мәселелеріне, жасанды интелектке көбірек мән беретін сынды. Жалпы салауатты өмір салты бойынша көбірек жақын болғандықтан осы буынның өмір сүру ұзақтығы көбірек деп айтылып жүреді.

Қазір елордада 5 "белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы бар. Онда барлық жағдай жасалған. Түрлі үйірмелер мен басқа да қызмет түрлері тегін ұсынылады. Айта кетейік, елімізде ұзақ өмір сүру орта жасы шамамен - 75. Мамандардың айтуынша, салауатты өмір салтын сақтап, спортпен жүйелі айналысып, дұрыс тамақтанып, дұрыс дағды қалыптастырғандар ұзақ өмір сүреді. 

МАРЖАН ПІРІМБЕТОВА, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ БОЙЫНША "БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТЫЛЫҒЫ" КММ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Әдемі бір ұстаным бар ғой. Қимыл бұл - өмір деген. Сондықтан өмірді барынша ұзарту үшін бізде өзің сауықтыру жұмыстары, денені қыздыру, түрлі сергіту минуттары, түрлі жаттығулар. Бұның бәрі орындалып жатыр. Оның барлығы қызмет алушылардың өмір жасын ұзартуға белгілі бір деңгейде оң ықпалын тигізеді.