Павлодарда балалар футбол клубының бапкері 11-дегі қызға зорлық көрсеткен. Сұмдық оқиға былтыр 1 қыркүйекте болған. 31 жастағы бапкер жаттығудан кейін тәлімгерін алдап арбау арқылы қонақ үйге апарып, жымысқы ойын сол жерде жүзеге асырған. Онымен қоймай, баланы есірткі қолдануға мәжбүрлеген. Сот барысында сотталушы өзі кінәсін толық мойындады. Бұның барлығын мас күйінде жасағанын айтқан. Сол себепті сот оған ең қатаң жаза тағайындады.
ҚҰДАБАЙ СҰЛТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын! Одан бөлек педагогикалық қызметпен, кәмелетке толмағандармен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылсын! Жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң мекемеде өтесін!