Түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, бір-біріне деген құрметті арттыру керек. Елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар осылай дейді. Онда этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, заманауи сын-қатерлер мен перспективаларды айқындау, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайында ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚХА МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
ҚХА қанша жылдан бері халқымызды бірлікке шақырды, яғни бір халық боп қалыптастық. Енді әрі қарай осы бірлігімізді қалыптастыру үшін, күшейту үшін, сақтап қалуымыз үшін біз не істеуіміз керек, осы елімізде барлық этномәдени бірлестіктер, барлық халқымызды мемлекеттік тілді және де басқа да ұлттық құндылықтардың негізінде ұйыстыратын болсақ, сол кезде біздің бірлігіміз нақты бірлік болады деп айтқым келеді.