"6 жасар жиенін қасақана өлтірген". Шымкент тұрғыны 20 жылға сотталды. Жағаұстатарлық оқиға былтыр жазда болған. Сотталушы өзінің туған әпкесінің қызы ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, оның аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Соның салдарынан бала есінен танып қалған. Бірақ мұнымен шектелмеген ол әрі қарай ваннаға су толтырып, кішкентай қызды тұншықтырып қасақана өлтірген. Үкім заңды күшіне енді.
СҰЛТАНБЕК СЕРҒАЗЫҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ ӘКІМШІСІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Прокурор сотталушыға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі кешірім беріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушының өзі кінәні мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот ҚР ҚК 99 бабы 3-ші бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.