Атырауда жұмысқа тұрғанына 10-ақ күн болған 43 жастағы құрылысшы бесінші қабаттан құлап, мерт болды. Аяғынан жарақат алған 33 жастағы жұмысшыға облыстық ауруханада ота жасалған. Ақ халаттылар науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Оқиға қаладағы “Думан” тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Жұмысшылар көп қабатты үйдің ішкі бетінің тасын қалап жатқан. Еңбек инспекциясы мамандарының айтуынша, жұмысқа 10-қаңтар күні кіріскен. Қазір полиция департаменті “Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бабымен тергеп жатыр.
КЕМЕЛ ИМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жұмысшылар сол мекемеде өз жұмыстарына ағымдағы жылдың оныншы қаңтарынан бастап, кіріскен. Және олармен еңбек шарттары жасақталған. Қазір бұл жазатайым оқиғасы бойынша еңбек инспекциясы бойынша Атырау облысы бойныша департаменті арнайы комиссия құрылды. Қазір арнайы тексеріс жүргізілуде.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қазіргі таңда тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға атпайды.