Енді ескірген жылу-электр желілерін жаңғыртуға зейнетақы қорынан да қаржы алынады. Бұл туралы бүгін вице-министр Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы электр желілерінің 70%-ы, жылу құбырларының 50%-ы тозған. Оларды жаңғыртуға кемі 13 трлн теңге қажет.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әртүрлі көздерден қаржы тартылатын болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан да. Инфрақұрылым саласы – салынған қаржы қайтатын сенімді бағыт. Тәуекелі төмен актив. Зейнетақы қорынан алынатын қаржы көлемі І жартыжылдықтан кейін белгілі болады.