Жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Қоғамдағы беделін арттыру. "Жастар рухы" Жастар қанаты осы мақсатта көптеген іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Қостанайлық жастар Жұмысшы мамандықтар жылына арналған алғашқы шараны бастап кетті. Аймақтағы ірі кәсіпорын өкілдері "Бір толқында" диалог алаңына келіп, өз ойларын жеткізді. Студент-жастарға ақыл-кеңес айтты. Түрлі өндіріс ошақтарында еңбек етіп, басшылық қызметке дейін көтерілген спикерлердің өмірлік тәжірибесі, ой-пікірі жиналған жастарға жігер берді.
АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Студенттер қазір осы жұмысшы мамадықтарға оқи отырып, кейін диплом алған соң мамандығы бойынша жұмысқа барсын деген мақсатта мотивациялық диалог алаңын өткізіп отырмыз. Және де "Жастар рухы" жастар қанатының осы жылға қойған мақсаттары ішінде жұмысшы мамандықтар беделін көтеруге бағытталған көптеген іс шаралар өткіземіз.
Мұндай шара Ақтау қаласындағы инновациялық педагогика және сервис колледжінде де өтті. "Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері студенттерге жұмысшы мамандықтарын таңдаудың маңыздылығы туралы айтты.
АБЗАЛ МАРАТ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл шараның негізгі мақсаты - Президенттің жарлығы байланысты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Бүгін бізде спикер ретінде өз саласының үздіктері, атап айтқанда бизнесмендер, аспазшы тұлғалар, сұлулық саласының өкілдері қатысты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға осы мамандықтың өзектілігі Қазақстан экономикасына қатысты үлесі туралы айтылды.