Астанада былтыр 10 мыңнан аса қаңғыбас ит пен мысық ауланды. Оның 9 мыңына микрочип салынған. Бұл олардың денсаулығын бақылауға және қорғауға мүмкіндік береді. Қараусыз қалған жануарлардың мәліметтері «Tanba» үй жануарларын тіркеудің бірыңғай базасында тіркеліп, питомникке тапсырылады. Иесіз ит пен мысық Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында көп кездеседі.
САМАТ АБДУЛЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2024 жылы 17 000 иесі бар және қаңғыбас жануарға вакцинациялау жүргізілді. Сондай-ақ ит пен мысықтардың санын реттеу мақсатында 2018 жылдан бастап үй жануарларын стерилизациялау қолданылуда. 2024 жылы 1 997 жануар стерилизацияланды. Оның 410-ы ит, 1587-і мысық.