Тараз тұрғыны мектеп маңында үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті тұрғын оқу орнының жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
«Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз орта мектебінің маңында өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бұл жерге тез келіп, ер адамға көмектесті», - деп мәлімдеді ТЖМ министрлігі.
Жәбірленуші жеңіл күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді.