$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Сиэтл соты Трамптың жарлығын орындауды уақытша тоқтатып қойды

AstanaTV
24.01.2025ж. 18:45
82
Сиэтл соты Трамптың жарлығын орындауды уақытша тоқтатып қойды

Сиэтлдегі федералдық сот АҚШ президентінің жарлығын орындауға асықпады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін Дональд Трамп Америкада туған шетелдік балаларға азаматтық беруге тыйым салу туралы жарлық шығарған. Сиетл соты Ақ үй басшысының бұл шешімі Конституцияға қайшы келетінін алға тартады.

Еске сала кетейік, 22 аймақтың прокурорлары дәл осы жарлыққа шағымданған. 

«Азаматтық алу құқығын жарлықпен жоюға болмайды, себебі ол Конституцияда бекітілген», – дейді олар.

Ал Трамп болса анасы АҚШ-қа заңсыз немесе туристік, студенттік, жұмыс визасымен келсе, әрі әкесі АҚШ азаматы болмаса, мұндай балаларға азаматтық беруге болмайды деп есептейді. Бұған дейін АҚШ-та туған кез келген сәби осы мемлекеттің азаматы атанатын. АҚШ Президенті «көптеген келімсектер осы ережені пайдалану үшін Америкаға әдейі келеді» деген ойда.