$516.13 €538.01 ₽5.29
×

Қазақстанда өңірлерге таратылмақ болған ірі есірткі партиясы тәркіленді

AstanaTV
25.01.2025ж. 18:22
147
Қазақстанда өңірлерге таратылмақ болған ірі есірткі партиясы тәркіленді

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі Бас көлік прокуратурасымен өзара іс-қимыл барысында есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, Астананың теміржол вокзалының аумағында 24 жастағы жігіт ұсталды. Одан жалпы салмағы 8 келіден астам "мефедроны" бар жол чемоданы тәркіленді. Алматыдан келген күдікті есірткіні Астанаға жасырып, таратуды көздеген. 

"Ұсталған адамның 21 жастағы сыбайласымен бірге әрекет еткені анықталды. Екінші күдікті Қарағандыда пойыздан түсіп қалған. Ол да ұсталып, одан шамамен 600 грамм синтетика тәркіленді. Жедел шаралардың нәтижесінде есірткі сату схемасына қатысы бар тағы бір күдікті – 30 жастағы ер адам анықталды. Барлық фигуранттар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да күдіктілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.