Ұлыбританияның Саутпорт қаласында үш қызды өлтіргені үшін Аксель Рудакубана 52 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазды turkystan.kz.
Қылмыс би студиясында жасалған, жасөспірім ішке кіріп, кішкентай қыздарға пышақпен шабуыл жасаған.
Ол жәбірленушілердің бірінің мәйітінің жанында ұсталды. Тергеу барысында оның электронды құрылғыларынан зорлық-зомбылыққа, сонымен қатар геноцидтік идеяларға әуестігін дәлелдейтін материалдар табылған.
Рудакубана адам өлтіруден бөлек тағы 13 қылмыс бойынша айыпталды. Алайда оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесу мүмкін болмаған, себебі ол қылмыс жасаған кезде небәрі 17 жаста болған.