Қыстыгүні жауған қар салдарынан көлік нөмірі көрінбей қалса, қанша айыппұл төленеді? Massaget.kz тілшісі анықтап білді.
Қыста кейбір көлік жүргізушілері көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша айыппұл салынады.
"Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деп жазылған бапта.
Айта кетейік, 2025 жылы 1 АЕК - 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.