Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметтен кету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер қызметіне үміткерлердің қысқа тізімін дайындаған. Тізімде Черчесовты ауыстыра алатын шетелдік мамандар бар.
Айта кетейік, Оның отставкасына себеп ретінде федерация құрылымындағы өзгерістер аталады. Мысалы, 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды.
Бұған дейін Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алты ойын өткізді. Нәтижелері көңіл көншітпейді: бес жеңіліс, бір тең ойын және бірде-бір соғылған гол жоқ.
Федерация басшылығы әзірге ресми мәлімдеме жасамағанымен, бапкерлік штабқа қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр.