$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Қазақстанда отшашу сатуға түбегейлі тыйым салынуы мүмкін

AstanaTV
26.01.2025ж. 11:35
154
Қазақстанда отшашу сатуға түбегейлі тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда отшашу сатуға түбегейлі тыйым салынуы мүмкін. Петиция жарияланып, Әділет министрлігіне жолданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazaqstantv-ға сілтеме жасап.

Бастамашылар пиротехникалық өнімдер табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, адам өміріне де аса қауіпті деп отыр.

Қолданыстағы заң бойынша пиротехникалық өнімдер тек балаларға сатылмайды және лицензиясыз саудалауға рұқсат жоқ.

Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесінде отшашудан республика бойынша 63 адам зардап шеккен. Оның 20-сы бала.