Шымкентте 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ontustik.tv-ға сілтеме жасап.
Ол кейінгі рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.
Жас жігіт 2025 жылғы 14-қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған.
"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.
Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, яғни 16-қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаментіне бүгінде қылмыстық іс қозғалған.
"16 қаңтарда полицияға 2004 жылы туған ер адамның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Арыз тіркеліп, іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларға полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылды. Қазір іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Жігіттің денсаулығында ешқандай ақау жоқ, жат әдеттерден аулақ, - дейді ПД ресми өкілі Бағлае Исатаева.