Бұл туралы «Қызыл крест» халықаралық комитеті мәлімдеді.
Екінші кезеңде 200 палестиналық пен 4 израильдік әйел сарбаз босатылды. Палестиналық тұтқындардың кейбірі Иордан өзенінің батыс жағасына, кейбірі Газа секторына жіберілген.
Жауласушы тараптар 3 кезеңнен тұратын оқ атпау режимін 19 қаңтарда енгізген болатын. Бейбіт бітімнің бірінші кезеңі 6 аптаға созылуы тиіс. Әрі қарай Израиль Газаның халық көп шоғырланған өңірінен өз әскерін әкетуі керек.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.