$516.77 €542.87 ₽5.33
×

Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне ренжіп, олардың көлігін айдап әкеткен

AstanaTV
27.01.2025ж. 07:28
67
Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне ренжіп, олардың көлігін айдап әкеткен

Жапонияның Сайтама префектурасында тұратын ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кетуге әрекет жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Japan Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 20 қаңтар, дүйсенбі күні кешке Куки қаласында болған. 46 жастағы Хироси Хирата жедел жәрдем шақырып, ішінің қатты ауырғанына шағымданған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның мас екенін анықтап, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін түсіндірген.

Бұған ренжіген және ашуланған Хирата есімді ер адам дәрігерлерге пышақты ала жүгірген. Ол көше бойына шығып, жедел жәрдем көлігіне отырып қашып кеткен. Полиция көлікті ер адамның үйінен жүз метр жердегі дәріхананың автотұрағынан тапқан.

Хирата ұсталғаннан кейін дәрігерлердің ауруханаға жатқызудан бас тартқанына көңілі түскенін айтып, бұл әрекетін "өзім-ақ ауруханаға жетемін деп ойладым" деп түсіндірді. Ер адамның қандай жазаға тартылатыны туралы ақпарат берілмеген.