$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алдағы күндері жел күшейіп, боран соғады

AstanaTV
27.01.2025ж. 15:30
209
Алдағы күндері жел күшейіп, боран соғады

«Қазгидромет» синоптиктері 28, 29, 30 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Алдағы күндердегі ауа райының қалыптасуына солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы тұрақсыз болды.

Республиканың өзге аумақтарында қар, жаңбыр күтіледі. Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында боран соғып, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасында өзгерістер күтілмейді.