Оралда студенттерді бопсалауды кәсіпке айналдырған екі қыз ұсталды. Олар колледжде оқитын бойжеткенді қорқытып, 40 мың теңгесін олжалапты. Бір қызығы, күдіктілердің екеуі де кезінде осы оқу орнында білім алған. Өздерінен кейінгілерге үлгі көрсетудің орнына үрейін ұшырған қос қыз қазір жаздым-жаңылдым деп қамауда отыр. Тергеу кезінде олардың бірінің тағы бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталды. Олар тіпті мектеп оқушысын қорқытып ақша бопсалағаны аздай, тағы бір студенттің ұялы телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберіпті.
ГҮЛСАЙРАН АЛБИДАКОВА, БҚО ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық Кодекске сәйкес, тонау және бопсалау іс-әрекеттері үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.