$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Атырау облысында Сармат дәуірінің алтын әшекейлері табылды

Атырау облысында  Сармат дәуірінің алтын әшекейлері табылды

Атырау облысында Сармат дәуіріне жататын алтын әшекейлер табылды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы маңындағы обаларға екі жыл археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Диаметрі – 70, биіктігі – 3 метрлік патшалық қорғанның 9 қабірі зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағаны анықталды. Мамандар көшпелілер дәуіріндегі «сармат көсемдері жерленген» бірегей ескерткіш деп отыр. Екі мың жарым бұрынғы ата-бабаларымыз қолданған бұйымдар, қару-жарақпен бірге асыл тастар мен алтын-күмістен соғылған аң стиліндегі әшекей бұйымдар өте жақсы сақталған. 

МАРАТ ҚАСЕН, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АРХЕОЛОГЫ:

Қазіргі кезде 3 обаны қаздық. Бұл біздің Каспий аймағы, соның ішінде Сағыз, Жайық өзенінің маңында кезінде үлкен империяның орталығы деп айтуға болады. Өйткені шығып жатқан жәдігерлер, одан басқа ғибадатхананың , сарматтардың басқа да заттары біздің ғылымда жаңаша көзқарас тудырады. Мыңға жуық көптеген жәдігер шықты. Соның ішінде 100-ге жуық алтыннан жасалған.