Елімізде жыл басынан бері 51 тұрғын коронавирус жұқтырған. 1600-ден аса адамнан тұмау анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты. Министрлік өкілі былтыр қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға салынып жатқан адам папилломасы вирусына қарсы вакцина туралы да сөз қозғады.
САРХАТ БЕЙСЕНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі күні 114 мыңнан астам қыз бала егілді. Оның ішінде 11 жастағы қыздарымыз 64 мыңнан астам, 12-13 жастағы қыздарымыз 50 мыңнан астам. Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелмеді.