Алматы облысында тауар айналымы 100 миллион теңгеден асқан ірі дропперлер тобы ұсталды. Қылмыстық құрамда 20-дан астам адам болған. Жетеуі құрықталды. Олар алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға аударған. Әрқайсысы 5-7 банктік шотты пайдаланып, әрбір транзакциядан 3% -ға дейін алған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
НҰСҚАБЕК ЗАУЛАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КПБ БАСШЫСЫ:
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 8 миллион теңгеден астам сомадағы қаржы қозғалысы тоқтатылып, схеманың ұйымдастырушысына тиесілі ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптокошелёк анықталды. Қазіргі уақытта банктерден қаржы операциялары туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраныс хаттар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда.