$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Қазақстан мен ҚХР сауда айналымы 9% өсті

27.01.2025ж. 20:00
142
Қазақстан мен ҚХР сауда айналымы 9% өсті

Қазақстан мен Қытай тауарайналымы былтыр 43,8 млрд долларға жетті. Құны 8,7 млрд Доллар болатын 62 бірлескен жоба 11 мың адамды жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта 222 жоба жүзеге асырылмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов екі ел арасындағы сауда-экономика, инвестиция, көлік және логистика секілді маңызды салаларды Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен талқылады. Кездесуде сондай-ақ, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала және туризм мәселелері сөз болды.