Тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің тегіне өткені дұрыс па, әлде бұрыс па? Бұл -біраз жылдан бері талқыланып келе жатқан мәселе. Бір тарап "ғұрпымызда бар, өту қажет" десе, енді бірі -тыйым салады. Мүфтият осыған қатысты пәтуа шығарды.
Ақ босаға аттағалы тұрған кез келген қызды «болашақ жарымның тегіне өтсем бе, өтпесе бе?» деген сауал толғандыратыны белгілі. Кей азаматтар фамилиясын қабылдауға талап қояды. Бұл қаншалықты дұрыс?
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Менің ойымша өткен дұрыс емес деп ойлаймын. Өзінікінде қалған дұрыс деп ойлаймын.
- Күйеуінің ұрпағын жалғастырады ғой. Сол үшін ауыстырған дұрыс деп ойлаймын.
- Негізі мен өтпегенмін. Негізі өткен дұрыс шығар деп ойлаймын болашақта.
- Шариғат бойынша өтуге болмайды екен. Ал бірақ мен өзім өтіп қойғанмын. Жолдасымның фамилиясына өткенмін.
Тұрғындардың пікірі екіге айырылды. Арасында "бала мен ананың тегі бір болғаны да дұрыс, сондықтан жолдасының тегін қабылдаған жөн" дегендер де бар. Жалпы шариғатта күйеуіңнің тегін алуға болмайды деген үкім жоқ. Алайда әр адам баласы өз әкесінің атымен аталуы қажет, дейді.
ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Әйел кісінің өз тегінде қалғаны дұрыс. Ал енді ерінің тегіне өтіп жатуы ол ерікті түрде болуы керек. Өз қалауында. Ал енді күйеуі мәжбүрлі түрде әйелін тегіме өтесің деп мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Яғни, бұл әйел кісінің өз еркімен орындалатын нәрсе.
Мүфтият өкілдері тек ауыстыру қазақ халқы арасында Кеңес үкіметі кезінен бастап кең тарағанын айтады. Ол уақытта көп әйел тегін білместікпен ауыстырса, қазіргі келіндердің дені оны сәнге айналдырған.