$516.85 €537.68 ₽5.26
×

Жыл басынан бері кальян шеккендерге 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған

27.01.2025ж. 20:00
126
Жыл басынан бері кальян шеккендерге 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда қорқор шеккендерге 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Заңмен шектеу қойылса да, ережені елемейтіндер көп. Оны сатып алатындар да, сататындар да азаймай тұр. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдке шықты. 

Рейд кезінде түнгі тірлігі қызып тұрған кафелерге бардық. Ә, дегеннен-ақ кальян шегіп отқан азамат ұсталды. Қанша ескерту сұрап, жалтарғысы келгенмен болмады.

Айыппұл арқалап, шырылдаған жалғыз ол емес. Басқа ресторан ішінен ұсталғандар да қорқор шеккені үшін жауапкершілікке тартылды.

ҒАЛЫМ МҰСТАХАНОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Белгіленбеген жерде жанағы аталған темекі бұйымдарын шеккен уақытта оларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады. Хаттаманың бұл баптын санкциясы бойынша 15АЕК айыппұл салынады. Ақшамен шашқанда 59 мың теңгенің аясында болады.

Халық қалаулылары қорқордан біржола тиылу қажет дейді. Бұл- қоғам үшін ең дұрыс шешім.

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Бұл бірінші кезекте қоғамға зиян. Екінші жастардың денсаулығы үшін қауіпті. Жалпы бұл індетке айналмай тұрғанда біз оны күресуге бел байладық. Қазір рейд кезінде айыппұлмен салынғанымен басқаларға ескерту жасап жатырмыз.

Былтыр кальян шеккен 5 мың адамға 187 миллион теңге айыппұл салынды. Ал биыл жаңа жылдың басталғанына бір ай толмай жатып 415 адам жауапкершілікке тартылып, 16 млн теңге өндірілді.