$516.13 €538.01 ₽5.29
×

"Мумия қыласың ба?" Атыраулық тұрғын 90-ға таяған әкесінің денсаулығына шағымданғанда дәрігерлерден осындай жауап алған

27.01.2025ж. 20:00
192
"Мумия қыласың ба?"  Атыраулық тұрғын  90-ға таяған әкесінің денсаулығына шағымданғанда  дәрігерлерден осындай жауап алған

"Мумия қыласың ба?" Атыраулық тұрғын 90-ға таяған әкесінің денсаулығына шағымданған кезде дәрігерлерден осындай жауап алған. Сондықтан жас шектеуіне қарамай медициналық қызмет көрсетілсе,- дейді. Негізі қазақстандықтардың тең жартысының МӘМС қызметіне көңілі толмайды. Неге? Өңірлердегі тілшілеріміз тарқатып айтады.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта бір жылда 20 мыңға тарта тұрғын медициналық қызмет сапасына шағымданған. Оның екі мыңға жуығы е-Өтініш арқылы жолдапты. Бұқара ақ халаттыларға деген сенімі азайып бара жатыр,- дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Әкем бар 87 жастағы. Сол кісілер ауырғанда дәрігерлер көп келмейді. Үлкен кісі ғой. Оны енді мумия қыласыңдар ма деген әңгімелер болды. 80-ге келсе де, 100ге келсе де өзіміздің ата-анамыз. Өзімізге қадірлі.
- Денсаулық саласына тіпті көңілім толмайды. Маған бар ғой 50 мыңның дәрісін жазып беріп тұр. Пытырлатып жазып жатыр. Өздерінің арнайы келісімге отырған, басқа жақта ашып қойған дәріханасы бар. Сол дәріханаға бар деп жібереді тек. Мен тіпті көрінуді қойдым емханаға.

Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін колл орталыққа да денсаулық сақшысына көңілі толмағандардан толассыз қоңырау түседі екен. Денсаулық сақтау басқармасындағылар басы ауырып, балтыры сыздап келген жандардың шағымын қараусыз қалдырмаймыз,- деп отыр.

ЗАРИНА НИЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Көбіне науқастар дәрігерлердің этикасына, медициналық қызметті сапалы көрсетпегені үшін, дәрі-дәрмек бойынша, мүгедектік мәселесімен және дәрігерді үйге шақыру бойынша шағымданады.

Шағымдар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау филиалына да түседі. Былтыр 600ге тарта науқас реніш білдірген. Оның 73 пайызы сапасыз қызметке шағымданса, қалғаны медициналық қызметтен бас тартқан. Мендегі ақпарат осы. Тақырыпты қызылжарлық әріптесім Абзал Құрманкин жалғастырады.

АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Базаргүл, бізде де жағдай осындай. Әрине, дәрігердің бәрі нашар, жауапсыз деген болмас, бірақ, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді емес пе? 520 мыңға жуық тұрғыны бар Солтүстік Қазақстан облысында былтыр медициналық мекемелердің тарапынан 5 миллионнан астам қызмет көрсетілген. КСМ Оның басым бөлігі консультациялық-диагностикалық бағытта. Ем-дом алған теріскейліктердің пікірі әрқилы.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазір кез-келген емхана, ауруханаға барсаң, кезекті күтіп шаршайсың. Және кейбір дәрігерлерге екі-үш ай бұрын жазылу керек. Сол себепті мен көбінесе жеке меншік ауруханаларға жүгінемін.
- Мен басқа облыстарды көп аралап жүргендіктен, салыстармалы түрде айтатын болсақ, СҚО-да өте жақсы деп айта аламын. Басқа облыстарда екі-үш күн емес, апталап күтуге тура келеді.

Былтыр медициналық және фарцевтикалық қызмет сапасын бақылау департаментіне өңір тұрғындарынан 409 шағым түскен. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 2.5 есе өсіпті. Құзырлы орган бұл мәселені цифрландыру жүйесімен байланыстырады.

БАТЫРХАН САРЫМСАҚОВ, СҚО БОЙЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Азаматтардың талаптары жоғары бола бастады. Мысалы, баяғыда бейінді мамандардың консультациясын екі ай күтетін болсақ, қазір екі апта қылғысы келеді. Соған байланысты осы өтініштердің саны көбеюде. Бұрын оны жазып, поштаға жіберсеңіз, қазір е-өтініш жүктемесінде бар, соған кіріп өтініш білдіре аласыз.

АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Ресми дерекке сүйенсек, Қызылжар өңірінде медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейі -58 пайыз. Сала мамандары бұл статистикаға шүкіршілік етіп отыр. Себебі, дамыған елдерде де бұл көрсеткіш 60 пайыздан аспайтын көрінеді.