Қызылорданың перинаталдық орталығында дәрігерлер босанған келіншекке қан құйып, АИТВ жұқтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Келіншекке босанғаннан кейін қан құю қажет болған. Ал бір айдан кейін жүргізілген тексеріс кезінде келіншектен АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
«Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сондықтан артық ақпарат айта алмаймыз», - деді министр брифингте.
Тексеріс қорытындысы бойынша ведомство шара қолданады.
Қызылорда облысының полициясы медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы бойынша іс қозғаған.