$503.15 €543.3 ₽5.93
×

"Еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ", - Президент

AstanaTV
28.01.2025ж. 11:50
174
"Еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ", - Президент

Еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ. Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Үкіметтік кеңейтілген отырысында осылай деген Мемлекет басшысы ел экономикасын Ұлттық қорға тәуелділіктен арылту туралы нақты тапсырма берді.

"Экономикамызда былтыр біраз қиындық болғаны рас. Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз факторлар ықпал етті. Дегенмен біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешім табуы қажет түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі. Ең алдымен еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ. Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Бірақ осы жерде атап өтуіміз керек. Ұлттық қор бұл мемлекеттік экономиканың ажырамас бөлігі. Бизнестің инвестициялық белсенділігі әлі де болса төмен деңгейде. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай дереу жою қажет. Үкімет нақты шараларды қабылдауы тиіс", - деді Тоқаев.