$499.22 €519.14 ₽5.64
×

АҚШ-тың бірден үш штатында жер сілкінді

AstanaTV
28.01.2025ж. 15:02
159
АҚШ-тың бірден үш штатында жер сілкінді

Мэндегі (АҚШ) эпицентрлі жер сілкінісі Род-Айленд, Массачусетс, Нью-Гэмпшир және Коннектикуттың кейбір бөліктерінде дүмпу тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Геологиялық қызметі таңғы уақытта болған 3,8 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Мэн штатының Йорк Харбор қаласында, Портлендтің оңтүстік-батысында орналасқан.

Ұлттық ауа-райы қызметі цунами туралы ешқандай ескерту жасамады. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түспеген.

АҚШ Геологиялық қызметінің болжамы бойынша, келесі аптада магнитудасы кемі 3 баллдық зілзала күтілуде.