$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Алматыда метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады

AstanaTV
28.01.2025ж. 16:15
280
Алматыда метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады

Алматы метросында зағип жан ажал құшқан қайғылы оқиғадан кейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнатыла бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі мәліметінше, металл қоршаулар "Момышұлы", "Сарыарқа", "Райымбек", "Мәскеу", "Алмалы" бекеттеріне орнатылған.

Қоршаулар вагондар арасындағы бекіткіштерге қарама-қарсы платформаларда орналасқан. Бұл вагондар тоқтаған кезде жолаушылар жолда құлап кетпеуіне арналған.