Теміртау қаласында мол мүмкіндікке ие "Жастар үйі" ашылды. Онда еркін қолданысқа арналған коворкинг залы, дыбыс жазу студиясы, СММ және медианы үйренуге арналған курстар мен ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін арнайы инклюзия кабинеті бар. "AMANAT" партиясының жол картасы аясында ашылған жастар орталығы апта сайын 4 мың жас пен еріктіге құшағын жайған көпфункционалды мәдени ошаққа айналмақ.
АЛЕКСЕЙ ЛОМАКИН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жер бұрын апаттық жағдайда болатын. Араға екі жыл салып жаңғырып, керемет орталық ашылып жатқаны бізді қатты қуантады. Бұл жер жастар шоғырланатын орынға айналады. Келешекте студенттік қалашық қылуды ойлап отырмыз.
ВАЛЕНТИНА ПАВЛИК, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ "ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мұнда жастарға тегін сабақтарды үйренуге мүмкіндік ұсынамыз. Би, шахмат, дойбы және дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған үйірмелер бар. Сондай-ақ әр келушіге ноутбуктер мен интернет желісі қолжетімді. Тіпті студенттер келіп лекция жазып, бос уақытын өткізсе болады.