Елімізде халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Қазір 20 жоғарғы оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынған. Солардың бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Мұнда 2 жылдан бері Жасанды интеллект институты жұмыс істеп түр. Ғалымдар Сеул Ұлттық ғылым технология университетімен тығыз байланыста. Қазір онда 150-ге жуық бала білім алады.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда бағдарламалы нысаналы қаржыландыру жобасына да біз жоба беріп жатырмыз. Ол да цифрландыру. Жасанды интеллектіні Қызылорда өңіріндегі барлық ауылшаруашылығына, экология, аграрлық өндіріс, әртүрлі шаруашылықтарда енгізу бойынша жоба болады.