$519.28 €540.05 ₽5.31
×

"Аграрлы сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді" , - О.Бектенов

28.01.2025ж. 20:00
125
"Аграрлы сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді" , - О.Бектенов

Аграрлы сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Премьер-Министр былтыр экономика 4,8 процентке артқанын айтты. Ауыл шаруашылығы 13,7 %-ға өсіп, биыл бірнеше аймақта өңдеу зауыттары ашылмақ. Осы орайда Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту шараларын бір бағдарламаға біріктіруге шақырды. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керегін айтты. 

ШЫНАР ЕРШІЛІК, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "БОЛАШАҚ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көптеген жобалар жүріп жатыр. "Ауыл аманаты" бар, "Жер аманаты" бар деген сияқты. Ақпарат дұрыс жетсе халық оны қолданады. Сол тұста жаңағы белсенді топтар құрылып, мемлекет тарапынан сол жұмыс жасау керек, қарқынды жұмыс жасау керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 процентке ұлғайды Құрылыста 13, саудада 9, көлікте 8 жарым пайыз өсім байқалады. Елде 29 ірі зауыт салынды. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақылдар жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жіберілді. Сарапшылардың пікірінше өңдеу ошақтары мен өнеркәсіп көбейсе, ол елдің жан-жақты әл-ауқатын өрге сүйреуге үлкен ықпалын тигізеді. 

ДОСЫМ БЕСБАЙ, EPG ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз дайын өнімнің көп бөлігін шетелден алдырғаннан гөрі, өзімізде өндіруге дағдылануымыз керек. Оны 100 пайызға жүзеге асыра алмасақ та, жүйелі әрі дұрыс жұмыс арқылы белгілі бір секторларды қамтуға болады. Шикізатты шығарып қана қоймай, оны елде қалдырып, дайын өнім әзірлеуге тырысуымыз қажет.

ҚҰРЫЛЫС - 13,1%

САУДА - 9,1%

КӨЛІК - 8,5%

29 ЗАУЫТ

26 МЛН Т АСТЫҚ

3 МЛН Т МАЙЛЫ ДАҚЫЛ

ЭКСПОРТ:

4 МЛН Т АСТЫҚ