$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Елде атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың көңілі тола ма?

Елде атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың көңілі тола ма?

Халықтан келіп түсетін өтініштерге айрықша назар аудару қажет. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Қазір елде атқарылып жатқан жұмыстарға көпшіліктің көңілі бірдей тола бермейді. Тұрғындардың басым бөлігі медицина саласына көп сын айтады. Сондай-ақ тұрғын үй саласына шағым көп. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бір адам екі жерде жұмыс жасаса, сол екі жұмыс орнынан да МӘМС-ке ақша бөлінеді екен. Соны тек қана бір жерден төленсе деген пікірге мен қосыламын.
- Біз ауырып ем іздеп, емханаға барған жағдайларда іздеген дәрігерлеріміз болмай қалып жатады.
- Қаржыны игеру жолдарын 7 рет өлшеп, бір рет кескен жөн.
- Мемлекеттен берілетін көмек нақты иелеріне жету керек. Кейінгі жылдары бұл көмекті жағдайы жақсы отбасылар да алып жүр.
- Екпеген нәрсесен ектім деп, жоқ малды бар дейді де, сөйтеді де субсидияны алып отырады. Өзінің субсидия алатын шаруалар оған қолжетімді бола алмайды.