$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Биыл қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препарат тіркеуден өтеді

Биыл қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препарат тіркеуден өтеді

Қазақстандық ғалымдардың онкологиялық ауруға қарсы препараты биыл тіркеуден өтеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Қазіргі кезде клиникалық сынақтардың екінші фазасы жалғасып жатыр. 

Биыл жыл соңына дейін обыр дертіне дауа тапқан қазақстандық-америкалық ғалым Дос Сарбасовтың дәрісі жыл соңына дейін тіркеуден өтеді. Препарат үш жылдан бері клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Биолог 2014 жылы обыр ауруына қарсы дәріні жасап шығаруды ойға алған. Ғалым ол уақытта Американың Техас университетінде жұмыс істеген. Шетелде басталған зерттеу жұмысы Қазақстанда жалғасын тапты. Оның айтуынша, «DVC» препаратын 2 жыл бұрын тышқанға егіп, сынақтан өткізген.

ДОС САРБАСОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір рұқсат етілген дозаның көлемін 0,3 грамнан 0,6 граммға арттырдық. Бүгінде алғашқы кезеңдер бойынша оң нәтижелер бар. Ол әлі жалғасуда. Қазір препарат қазақ онкология және радиология институтында клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Институт дәрігерлері дәріні қабылдаған науқастардың денсаулығы бірқалыпты екенін айтады. Олар бастапқыда препараттың жағымсыз әсерлері зерттелді дейді.

ҚАЛДЫГҮЛ СМАҒҰЛОВА, ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жағымсыз әсерлердің ішінде айтатынымыз – асқазан ішек жолдарының әсерлері болуы мүмкін. құсқысы келу, әлсіреу дейміз. Қанда өзгерістер болуы мүмкін. Сол үшін әр дәріні енгізгеннен кейін қанның лобораториялық зерттеулер жасаймыз.

Ескере кететіні, "DVC" дәрісі әзірге тік ішектің қатерлі ісігіне шалдыққан, төртінші сатыдағы науқастарға ғана егіліп жатыр.