$516.85 €537.68 ₽5.26
×

LRT күзде пайдалануға беріледі

28.01.2025ж. 20:00
217
LRT күзде пайдалануға беріледі

Астаналықтар үшін көптен күткен жаңалық! Атышулы ЛРТ күзде іске қосылады. Қыркүйекте алғашқы пойыздар жүреді. Бұл туралы бас қаланың басшысы айтты. 

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

Қаз қатар тізіліп тұрған мына бағаналар көзімізге күйік болғаны қашан. Жылдар бойы жыр болды. Қаншама мәрте сыналды. Ұзақ күткен сақалды құрылыс биыл аяқталмақ. Күзде алғашқы пойыздар сынақтан өтеді. Әуежай мен жаңа теміржол вокзалы аралығында жолаушы тасымалдайды. ЛРт желісінде 8 станция салынбақ.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

ЛРТ жобасы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстары таяу арада толыққанды бітеді. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар келіп, бірден сынақтан өткізіледі.

Шаһар басшысының сүйінші жаңалығын жұртшылық ұзақ күтті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Маған әдемі болады. Вокзалға да, әуежайға да жетуге болады. Енді уәде беріп жатыр ғой.
- Жүрсе, жақсы. Әсіресе, орталықтан әуежай жаққа жету оңай болады. Өйткені, алыстау. Кептеліс те азаятын шығар деген үміттемін.

Расымен кептеліс бас қалада үлкен мәселеге айналып барады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Астанада қордаланған мәселелерді шешу және қаланы абаттандыру үшін көп жұмыс атқарылып жатыр. Бәріміз куәміз. Жалпы, қала әкімінің тиісті қабілеті бар, тиянақты жұмыс істеп отыр. Дегенмен, Астанада көлік кептелісі мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондықтан осы бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау қажет.

Қалада халық саны да көбейіп келеді. Сондықтан ифрақұрылым назардан тыс қалмауы тиіс. Екі жыл ішінде қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды.