$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оңтүстік Қазақстанда 7 жасар баласын ұрып-соққан ана ұлын әлі іздемеген

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
2210
Оңтүстік Қазақстанда 7 жасар баласын ұрып-соққан ана ұлын әлі іздемеген

Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің анасы аяусыз ұрып-соққан бала әлі екі аптадай ауруханада ем алады. Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ұзақ уақыт жатқан бүлдіршін  жақында палатаға ауыстырылған.

Дәрігерлердің айтуынша, миындағы ісіктері толық қайта қоймағанмен, жағдайы біршама жақсарып қалған. Бірақ 7 жасар балақайды анасы әлі бірде бір рет іздеп келмеген. Тек туысымын деген бір азаматша ғана хабар алыпты. Ауыр соққының салдарынан басынан ауыр жараланған баланың мүгедек болып қалу қаупі сейілмей тұр,- дейді дәрігерлер.

Мұхтар Әбдіқадіров, ОҚО балалар ауруханасының дәрігері:

Толықтай айығып кету үшін, ұзақ уақыт емін қабылдау керек. Амбулаторлық емін бақылауда толық жүргізілуі керек, дұрыс реабилитациялық бізден шыққаннан кейін неврологиялық ем жасалуы керек, баланың мүгедек болып қалу қаупі әлі жоғары деңгейде.

Еске салайық, 7 жасар балақай мұнда Ордабасы аудандық ауруханасынан ауыстырылған. Аталған емдеу мекемесіне сәби мамырдың 2-сі күні ауыр жағдайда жеткізілгенін айтқанбыз. Оның басына жедел операция жасалған-ды. Белгілі болғанындай, бүлдіршінді отыз жастағы өзінің анасы ұрған. Тіпті денесіндегі күйік іздері азаптаудың болғанын айғақтайтынын, мамандар айтқан. «Қасақана адамды ұрып-соғу, дене жарақаттарын салу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.