Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан көз жұмған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.