$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Жетісу облысында соңғы үш жылда 200-ге жуық кәмелетке толмаған қыз ана атанған

AstanaTV
29.01.2025ж. 07:48
84
Жетісу облысында соңғы үш жылда 200-ге жуық кәмелетке толмаған қыз ана атанған

Жетісу облысы құрылғаннан бергі үш жылда ерте жүктіліктің 182 оқиғасы тіркелген. Өткен жылы 54 жасөспірім қыз ана атанды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Көбінесе облыста ерте жүктілік 16-17 жастағы қыздар арасында тіркеледі.

Жетісу облысы құрылғаннан бері (08.06.2022 ж.) облыста ерте жүктіліктің 182 жағдайы тіркелді: 2022 жылы – 66, 2023 жылы – 62, 2024 жылы – 54.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш жыл ішінде медициналық себептермен жүктілікті тоқтату тіркелмегенін де мәлімдеді.

«Ерте, яғни жасөспірім жүктілік кезінде өлі туу жағдайлары тіркелген жоқ. Жасөспірімдік жүктіліктің барлық жағдайы физиологиялық босанумен аяқталды», - деп хабарлады ведомство.