Таразда сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның хабарлауынша, ҚР ІІМ-нің электрондық поштасына Тараздың сауда орталықтарының біріне жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түскен.
«Шұғыл түрде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері, оның ішінде арнайы жедел әрекет ету жасағы мен иттері бар кинологтар ғимаратты тексерді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деп хабарлады полиция.
Тәртіп сақшылары IP мекенжайы бойынша жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтайтын болады.
«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді ведомство.