Қазақта «Сараң бай союға қозы таппай, жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды» деген сөз бар. Жұмыссыз жүрген жандар мен айлығы шайлығынан артылмайтын ағайын такси болып нәпақа таба бастағаны сол еді, уәкілетті министрлік бұл саланы «реформалау керек» деген бастамамен шыға келді,-дейді депутат Нартай Сәрсенғалиев.
"Министрліктің ойынша, енді әр таксист өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болып жарна төлеу керек екен. Депутаттар бұл нормаға қарсы шыққанда, жарнананы такси қызметімен айналысатын мобильді қосымшаларға тіркелген жеке кәсіпкерлер төлейді деді министрлік. Бірақ міндетті төлемдердің енгізілуі жолаушы тасымалдау қызметінің қымбаттауына әкеледі, жапа шегетін қарапайым халық",-деп атап өтті депутат.
Осы ретте халық қалаулылары такси және автобуспен жолаушы тасымалдайтын салаға өзін-өзі реттеу ұйымын енгізуді ұсынады. Яғни СРО құрып азаматтарды оның қатарына кіруге міндеттеу тұтас саланың бір қолға өтуіне, салдарынан монополияның орын алуына апарар жол деп санайды.