Ұрлық жасады деп күдіктелген азамат Алматыдағы тергеу изоляторынан қашуға әрекеттенді, бірақ жылдам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды.
"Алматының тергеу изоляторынан ұрлық жасады деген күдікпен тергеу аясында тұтқынға алынған күдікті қашуға әрекет жасады. Қабылданған шаралардың арқасында жедел ұсталды", - деп мәлім етті ҚАЖК өкілі.
Еске сала кетсек, былтыр қазан айында Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан зорлық жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткен еді. Бірнеше күннен кейін жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.