Қазақстан аумағынан теміржол арқылы жанармай шығаруға неге тыйым салынды? Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.
- Бізде өткен жылдың қорытындысы бойынша тапшылық бар. Сол үшін жыл сайын Ресеймен индикативті баланыс орнатып келеміз. Осының арқасында мұнай өнімдерінің белгілі бір көлемін бажсыз әкеліп, ішкі қажеттілікті жаба аламыз. Бүгінгідей шектеулерді енгізу арқылы «сұры экспорт» көлемінің қанша болатынын нақты көруге болады. Бұған дейін автокөлікпен сыртқа әкетуге қойылған шектеу жанармай қорын 20 күннен 45 күнге дейін тікелей арттырған. Яғни, бұл осынша көлем «сұры экспорт» ретінде кетіп отырған деген сөз. Теміржолмен сыртқа шығаруға қойылған шектеу де осындай әсер туғызады деп күтіп отырмыз, - деді министр.