Қазақстан мен Ресей энергетикалық жүйелерін біріктіреді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Соңғы жылдары электр қуатына деген тапшылық байқалып жүр. Біз қазір жетпеген қуатты Ресейден келетін тоқ көзінен аламыз. 2023 жылы елдегі тұтыну көлемі 115 млрд киловат сағат болған. Енді қос тарап келісімге өзгерту енгізуді ұсынып отыр. Бұл қадам елдегі жүйені жетілдіріп, апатты азайтады дейді министр.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Соңғы жылдары елімізде электр қуатының тапшылығы байқалады, осыған байланысты Қазақстан мен Ресей энерго жүйелерінің шекарасында ауытқулар ұлғая түсті, яғни келісілген мемлекетаралық сальдосы +/- 150 МВт көлемінен едәуір асып түсті.