Өскемендік жастар жалғызбасты зейнерткердің ауласын қардан тазалады. Оған «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері атсалысты. Анастасия Павловнаның жасы -102 де, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Ол 1922 жылы Күршім ауданында дүниеге келген. Ленинградтың әуе кеңістігін қорғауға атсалысқан жандардың қатарында болды. Дабылшы қызметін атқарған, бірінші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Оның айтуынша, жастар көмекке жиі келетін көрінеді. Ал жастар "қарттарға тұрақты қолдау мен көмек көрсету басты мақсатымыз" - дейді.
НИКОЛАЙ НЕЧЕПУРЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Соғыс салдарынан еліміздегі көптеген отбасы зардап шекті десек болады. Сондықтан Анастасия Павловна сынды жандардың ерен ерлігі ұмыт болмауы тиіс. Отанымызды қорғаудағы жанкешті ерлігі балаларымыз бен немерелеріміздің жүрегінде өмір бойы сақталуы қажет