$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Ұлттық ұлан сарбаздары "Жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясын бастады

29.01.2025ж. 20:00
157
Ұлттық ұлан сарбаздары "Жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясын бастады

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық көлікте ән шырқады. Бұл күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүрген қала тұрғындарына ерекше әсер беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тіпті, жолаушылар да санадан өшпес “Смуглянка”, “На солнечной поляночке” әндерін қосыла орындады. Шара "Жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. 

БАУЫРЖАН АЛТЫНБЕКОВ, ХОР ЖЕТЕКШІСІ:

2025 жылы Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерей тойын үлкен жоғары деңгейде тойлау мақсатымыз бар. Осыған орай біз кішігірім флешмоб ұйымдастырып жатқан жайымыз бар. Халықтың көңілінен шығып жатыр.

АМИНА ОЛЖАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін менде емтихан. Көңіл күйім кішкене болмай тұр еді. Жігіттердің ән айтқаның көріп, көңілім көтеріліп қалды. Бәрі керемет....